Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда плакатқа жазу жазған қызға 185 мың теңге айыппұл салынды

Қостанайда учаскелік инспектордың плакатына балағат сөздер жазған 21 жастағы қызға ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Полицияның мәліметінше, оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейнебақырау камерасына түсіп қалған видеодан екі қыздың лифтке кіргенін, қыздардың бірінің учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына маркермен жазу жазғанын көруге болады.


Айыппұлы – 3,5 миллион теңге: Ақтөбеде жүргізуші 119 рет жол ережесін бұзған


“Видео арқылы құқықбұзушы тез анықталды. Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады”, – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция қызға ұсақ бұзақылығы үшін шамамен 185 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте көшедегі қоқыс жәшігін тепкен жігіттерге 185 мың теңге айыппұл салынғаны туралы жазған едік. 

Талқылау