Қостанайда науқастың шабуылынан жарақат алған дәрігер санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіледі
Фото: Яндекс Карты/Тobolinfo.kz
17 шілде күні Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері науқастың шабуылына ұшырап, салдарынан ауыр жарақат алды. Есінен танып қалған Антон Кистанов кейіннен комаға түсті. Аурухана дәрігердің қазіргі жағдайын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облыстық ауруханасының мәліметінше, дәрігер әрі қарай ем қабылдау үшін санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізіледі.
Қостанай облысында дәрігер соққыға жығылды: Жағдайға облыс әкімі пікір білдірді
Қостанайда дәрігерге шабуыл жасаған науқас қамауға алынды
“Дәрігерге жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр контузиясы, оң жақта жедел субдуральды қан кету, сол жақтағы артқы бассүйек шұңқыры негізінің тұйық сызықты сынуы, оң жақта төменгі еріннің шырышты қабығының контузияланған жарасы, желке аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы диагнозы қойылды. Тексеруден кейін ренемакс бөлімшесіне жатқызылды, консервативті терапия тағайындалды. Жедел көмек көрсетіп, телемедициналық консультациялар жүргізгеннен кейін бүгін шешім қабылданды. Антон Кистанов әрі қарай емдеу үшін санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жіберіледі”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін кезекте тұрған науқас дәрігерді соққыға жыққаны туралы хабарлаған едік. Науқастың шабуылынан дәрігер есінен танып қалған.

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
