Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда мас күйде көлік тізгіндеген мектеп директоры оқушы қызды қағып кетті

Қостанайда мас күйде болған мектеп директоры көлік рөліне отырып, оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дтп 1111

Куәгерлер түсірген сурет. Дереккөз Наша газета

Наша газета басылымының жазуынша, көлік оқиғасы 20 желтоқсан күні сағат 18.40 шамасында Жангелді ауданында болған. Мәуленова мен Құлжанов көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo көлігін басқарған 62 жастағы жүргізуші 14 жастағы қызды қағып кеткен. 

Жүргізуші жергілікті Ш.Уәлиханов атындағы мектептің директоры болып шықты.

Орын алған оқиғаға Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі түсінік берді.

"Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екені анықталды", - делінген мәлімдемеде.



Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен оқушы қыздың Жангелді аудандық ауруханасына жеткізілгенін айтты.

"Қойылған диагноз: оң жақ бөксе аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы және шошыну. Қыз барлық тексерулерден кейін үйіне қайтарылды. Зақым алу немесе жарақат анықталмады", - деп түсіндірді басқарма.

Қостанай облысының білім басқармасы құқық қорғау органдары талап етсе, аудандық білім бөлімі мектеп директорын сот шешімі бойынша жұмыстан босатылатынын атап өтті.

Сонымен қатар департамент қазіргі уақытта мектеп директорының еңбек демалысында екенін алға тартты. Ол жұмысқа оралғаннан кейін бұл мәселені білім бөлімі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қарайтынын жеткізді.

Талқылау