Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда енді денсаулық сақтау басқармасының орынбасары қамауға алынды

Денсаулық сақтау басқармасының орынбасарыФото: Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Ерболат Доспанов қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тексеру барысында Қостанай облысының прокуратурасы хабарлағандай, Ерболат Доспанов қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

"Қостанай облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызмет өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Ерболат Доспанов ұсталды", – делінген Қостанай облысының прокуратурасы хабарламасында.

Прокуратура мәліметінше, сот күдіктінің қамауға алынуын мақұлдаған. Қылмыстық кодексі құқықтық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды. Ерболат Доспанов 35 жаста, Қарағанды экономикалық университетін "экономика бакалавры" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әртүрлі жылдары Қостанай қаласының жедел медициналық көмек станциясында экономист, қалалық емханасында бухгалтер болып жұмыс істеген, кейін Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасына өткен.

2020 жылы ол облыс денсаулық сақтау басқармасының орынбасары болып тағайындалды, 2024 жылы Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болды. Кейін Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, 2024 жылы Доспанов қайтадан Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының орынбасары қызметіне тағайындалғанын жазған едік.


"Дәрігерлер 800-900 мың теңге айлық алады" деген шенеунік министрлікте жаңа қызметке тағайындалды


Әкім жемқорлық үшін сотталған қарамағындағы қызметкерлерге байланысты қызметінен кетуге өтініш берген: Бірақ оны қызметінде қалдырды


Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысының бұрынғы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Данияр Жандаев қылмыстық қудалау аясында қамауға алынғанын жазған едік. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов пікір білдіріп, істің прокуратура қарауында екенін және заң аясында шешілетінін айтты. Ол медициналық мекемелердегі бақылау кеңестерінің жұмысын күшейтіп, сатып алынатын жабдықтың нақты қажеттілігін тексеру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Жандаевпен байланысты облыс орталық аудандық ауруханаларының бірінің бас дәрігері де ұсталған.

Айым Атамбаева
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 12:24