Қостанайда әйелін және енесін өлтірген ер адам 19 жылға сотталды
Фото: halyqstan арнасы
Қостанайда әйелін және енесін пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
45 жастағы аудан орталығының тұрғыны Виталий Логунов шілде айының ортасында 39 жастағы әйелін және оның 74 жастағы анасын өлтірген. Осыдан кейін ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны бүкіл Қарабалық аумағында іздеп, ақыры бір қорадан тапқан. Логунов қатты қансырап жатқан, ол өз-өзіне де ауыр жарақат салған.
Оған дереу медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шыққан соң қамауға алынған. Логуновқа қатысты сот жабық түрде өтті, себебі іс жеке өмірге қатысты мәліметтерді қамтиды. Белгілі болғандай, мемлекеттік айыптаушы оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ал айыпталушы кінәсін тек ішінара мойындаған.
"Сот үкімімен сотталушы 19 жыл мерзімге орта қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге сотталды", – деп хабарлады Қостанай облыстық соты.
Сондай-ақ сот азаматтық талап-арызды моральдық зиянды өндіру туралы шағымды толық көлемде қанағаттандырған. Алайда талап сомасы нақты жария етілмеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбеде дәрігерді өлтіріп, денесін бір апта мұздатқышта сақтаған әріптесі 20 жылға сотталды
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қызғанышқа булыққан күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтірген. Он төрт жыл отасқан жұбайын өлтірген ер адам қанды қылмыстан соң өзіне қол салған. Сұмдығы ата-анасының қанға боялған жансыз денесін таңертең мектепке жиналған балалары көріпті.
"Ауруханалар толып қалған": Қазақстандықтар "белгісіз" вирустың таралуына жаппай шағымданып жатыр