Қостанайда әйелдер сырғанауға арналған алаң үшін шу шығарып, жасөспірімді ұрып тастады (видео)
Желіде әйелдердің жасөспірім баламен жанжалдасып қалған видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Видео кадрларынан байқалғандай, әйелдер балаларан сырғанауға арналған алаңда сырғанамауын сұрайды. Алайда жеткіншектердің бірі бас тартқандықтан, әйелдер оған қол жұмсаған.
Instagram желісіндегі go_kostanay парақшасындағы мәліметке сәйкес, жергілікті тұрғындар аталған алаңда кішкентай балалар ойнап жүретіндіктен, ол жерде жасөспірімдердің скейтборд және велосипедпен тебуіне қарсы екен.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.
Аlau.kz мәліметінше, Қостанай облысы бойына ІІД желідегі видеоны тексеріп жатыр. Сонымен қатар құқық қорғаушылар аталған оқиғаға қатысты қандай бір ақпарат білетіндер мен куәгерлерден 87078021840 немесе 102 телефон нөірлеріне хабарласуларын сұрады.
Оқи отырыңыз:
ҚТЖ пойыз астына түсіп өлмек болған әйелдің оқиғасының мән-жайын айтты
Отардағы жауынгерлік парад: Әскерилер толық дайындықтарын көрсетті (видео)
Президенттің телерадио кешені Қазақстан әскерінің қуаттылығын көрсетті (видео)
Ақтау полициясы балаларға оқ атқан ер адамға қатысты пікір білдірді