Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып, мерт болды (видео)

Фото: Видеодан скрин
12 желтоқсан күні Қостанайда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып кетті. Ол ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаяу жүргіншіні көлік қаққан сәттегі видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрлардан автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді өткізу үшін тоқтағаны байқалады. Сол сәт бейнетіркегішке түсіп қалған. Жүргіншінің жолдан өтіп бара жатқанын көрмей қалған жүргізуші зейнеткерді қағып кеткен.
“Қостанай қаласында болған жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, “Жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру” бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Қажет тергеу әрекеттері атқарылып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық полиция.
Ведомствоның дерегінше, ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі Қ.Батыр даңғылымен қозғалып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Ақмола облысындағы тасжолда полицейді көлік қағып өлтірді
Бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісі телефонына алаңдап, қызды қағып кеткен еді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"