Қостанайда 4 күн бойы іздеуде болған жасөспірім аман-сау табылды
Қостанайда 4 тәулік бойы полиция мен еріктілер жабыла іздеген 15 жастағы жасөспірім аман-сау табылды.
Фото: Қостанай облыстық ІІД
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
Он бес жастағы Даниял Байкенов үйден 1 тамызда шығып кеткен. Куәгерлер әлеуметтік желіде оны қала сыртындағы аудандардың бірінен көргенін жазған болатын.
“Оны таптық. Ол аман-сау, бәрі жақсы”, – деп хабарлады жігіттің туысы Гүлмира.
Оның айтуынша, ағасына жігіттің өзі хабарласыпты. Ол ұйықтап кетіп оянған соң не болғанын ұмытып қалғанын айтыпты.
Талқылау