Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында такси ішінде 50 жастағы әйелді зорлап кетті

Қостанай облысында 24 шілде күні түнгі сағат 3-тер шамасында 50 жастағы ауыл тұрғынын таксиде зорлап кеткен.

screenshot_1128

Бұл туралы “Айна” газеті жазады.

Әйел тоқтатқан такси ішінде үш ер адам мен бір қыз болған. Теміржолды кесіп өткен көлік, басқа бағытқа қарай бет алады. Әйелді тынышталдырған жүргізуші оны межелі жерге басқа айналма жолмен апарып салатынын айтады. Жолай басқалары түсіп қалып, әйел көлік жүргізуші және оның жолаушы досымен бірге қалады.

Жолда жолаушы әйелдің қарсылығына қарамастан оны зорлайды. Сосын әйелді мінгізіп алған жерге әкеліп тастап кеткен. Ол бірден полиция бөліміне шағым түсіреді.

Ал көлік жүргізушісі болса көлік іші қараңғы және музыка қатты ойнап тұрғандықтан ештеңе көрмегенін және ештеңе естімегенін айтады. Әйел зорлаған ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті

Талқылау