Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында мүгедектер арбасына таңылған зейнеткер адам өлтірді деп күдіктелуде

Қостанай облысында мүгедектер арбасында отырған зейнеткер 56 жастағы ер адамды өлтірді деп күдіктелуде.

Қостанай облысында мүгедектер арбасына таңылған зейнеткер адам өлтірді деп күдіктелуде

Бұл туралы alau.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

11 сәуірде Қостанай облысы Жітіқара ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылған.

Полиция екі адамның ішімдік ішкенін, артынша олардың арасында дау туғанын анықтады.

«Қақтығыс нәтижесінде күдікті деп танылған 78 жастағы үй иесі жәбірленушіге асхана пышағымен жарақат келтірген. Пышақ жарақатын алған 56 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған», – деп хабарлады облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Мүгедектер арбасына таңылған күдікті үй қамауына алынды.

Бұл іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Қасақана» бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі. Қазіргі таңда сараптама жұмыстарын жүргізу тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда облысында бойжеткенге жала жауып, айыппұл салған полиция қызметкері сотталды

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер тәжірибе алмасу мақсатында Малайзияда оқытылатын болады

Ет пен тұзды шамадан тыс көп пайдалану онкологиялық ауруларға әкелетіні анықталды

Талқылау