Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартқан кейуана көз жұмды

Қан құйғызудан бас тартқан 77 жастағы кейуана 19 қазанда көз жұмды, – деп хабарлайды Alau.kz.

Кейуананың өлімі жайлы ақпаратты Қостанай орталық аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Виктор Гаврилов растады.

«Кейуананың ауыр жағдайда жатқанына көп уақыт өтті. Оның барлық ағзасы ауыратын. Егер ол бас тартпастан, дер кезінде толық медициналық көмек алса, өмірін аман алып қалар ма едік», – дейді Қостанай орталық аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Виктор Гаврилов.

Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облысының тұрғыны жағдайының ауыр болғанына қарамастан, діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартқан. Кейуананың қызы да анасының көзқарасын өзгерте алмаған.

16 шілдеде анасы діни себептерге байланысты қан құюдан бас тартқандықтан қостанайлық қыз көз жұмған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

“Голос” мега-шоуының жұлдызын бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті

Lexus мінген қыз бір топ адамды басып кетіп, 6 адам көз жұмды (фото)

Түркияда 19 жастағы орыс қызын бір топ жігіт зорлап, видеоға түсірген

Талқылау