Қостанай облысында бес жасар бала өрт шыққанын хабарлап, аман қалды
Қостанай облысында ата-анасы бес жасар ұлдарын жалғыз қалдырып жұмысқа кетуге мәжбүр болған. Үйден өрт шыққанын көрген бала бірден анасына хабарлап, бір ажалдан аман қалды.
Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
Оқиға Қостанай ауданы Озерное кентіндегі жеке үйлердің бірінде болды.
«Баланың ата-анасы жұмыста болған уақытта үлкен ұлдары да мектепте кеткен. Үйде жалғыз қалған бес жасар бала бөлмелердің бірінен өрт шыққанын көріп қалған. Ол бірден анасына қоңырау шалып, үйде өрт шыққаны жайлы хабар берген. Анасы жұмысын тастап үйіне қарай жүгірген. Түтін басқан үйден баласын іздеп, ас бөлмеде тығылып отырған ұлын көріп, ауруханаға әкелді»,- дейді Төтенше жағдайлар департаменті.
Әйел ұлын дереу ауылдық амбулаторияға апарған. Көмір түтініне уланып қалған баланы медбикелер Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізген.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт балалар бөлмесінде болған. Сонымен қатар, ол бөлмеде ешқандай пеш немесе қыздырғыш құрылғыларының болмағаны анықталды.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында 12 жастағы қыз бен бала үйлерінен бірігіп қашып кеткен
Шымкентте жолаушылар пойыз жолынан ер адамның мәйітін тауып алды
Алматыда жас жігіт тауда суға құлап қайтыс болды
Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді сабап тастаған