Қостанай облысында бассейнде тыржалаңаш шомылған полицей жұмыстан қуылды
Қостанай облысында “Олимп” спорт кешеніндегі қоғамдық бассейнде тыржалаңаш шомылған полицей жұмыстан қуылды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Полиция майоры тәртіптік комиссияның шешімімен жұмыстан шығарылған. Оқиға Сарыкөл ауданындағы ашық спорт кешенінде болыпты. Алкогольді мас күйде болған ер адам балалардың көзінше тырдай жалаңа шешініп суға түсіпті.
Алғашқыда құқық қорғаушыны жауапқа тарту нәтижесіз аяқталған. Бірақ, бұл мәселеге қайтара соққан комиссия оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, Сарыкөл аудандық ішкі істер бөлімі басшысының екі орынбасары да жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз:
2018 жылдан бастап Қазақстандағы балалар үйлері жабыла бастайды
Атырауда жаңа туған сәбиге Зинеден Зидан деген есім қойылды
Теріс діни ағымның ықпалындағы жастар әскер қатарына алынбайды
Ақтөбеде жатақхана дәлізінен табылған сәби анасына қайтарылды
"Соңында талан-таражға түсіп, экологияға қауіп төндіреді": Көкжайлау тау шаңғысы курортын салуға алматылықтар қарсы шықты