Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жатақхана дәлізінен табылған сәби анасына қайтарылды

Есі танғанша арақ ішіп, баласының қайда қалғанын білмеген келіншек енді ащы суды ұрттамаймын деп ант су ішіп отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ртп

Әйтсе де, осыдан екі ай бұрын оның бір жасар Нинаны бірнеше күн бойы қараусыз қалдырғанын туған бауырлары тәртіп сақшыларына хабарлаған еді. Сол уақыттан бері бөбек балалар ауруханасында ем алып, артынша сәбилер үйіне жіберілді. Алғашқыда нағашылары асырап алуға ниет еткенімен, маскүнем ана есін жиыпты.

Баласынан айрымауды сұрап әкімдіктегі комиссия мүшелеріне жалынған. Тіпті ажырасып кеткен күйеуімен қайта бас қосыпты. Қайын енесінен мұраға қалған үйдің құжаттарын рәсімдеп, қазір қызының жағдайын жасауға тырысып жүргенін айтады. Қазір ол инспекторлардың қадағалауында. Егер қайта шалыс басса, аналық құқығынан айрыру үшін ісі сотқа жолданады.

“Баладан айрылудың не екенін түсіндім. Енді арақты мүлдем татып алмаймын. Сәбиім әлі есін білмесе де, күн cайын кешірім сұраумен жүрмін. Басымнана өткен бұл жағдайға, әрине, мен кінәлімін”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Наталья Хоренко.


Жіберіп алмаңыз:

Депутат бюджетті тиімді жұмсамағандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Қызылордалық 14 жастағы шабандоз тапсырыспен ақшаға атпен шабады

Астанада арнайы жасақ қызметкері бөлімшеде асылып қалған күйінде табылды

Желі қолданушылары боксшы Назым Қызайбайдың биіне сүйсінуде (видео)

Талқылау