Қостанай облысындағы пантеоннан Салтанат Нүкенованың мемориалдық тақтасы алып тасталды
Фото: Айтбек Амангелдінің желідегі парақшасынан
Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағындағы пантеонда орнатылған Салтанат Нүкенованың мемориалдық тақтасы алып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны қоғам белсендісі Вадим Курамшин мәлімдеді.
Қоғам белсендісі тақта орнатуға бастамашы болған Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдіні қатаң сынға алды . Белсендінің жазбасы жергілікті әкімдік тарапынан қолдау тапқан. Осылайша оған аудандық әкімдік қызметкерлері хабарласып, мемориалдық тақтаның алынғанын хабарлаған.
Бишімбаевтар Салтанат Нүкенованың 40 күндік асына 1,5 миллион теңге берген
“Бұл пантеонның негізін қалаған адам меценат, саяхатшы, тарихшы әрі өлкетанушы Сапар Ысқақов. Ол пантеонды демеушілік қаражат есебінен тұрғызып, елге еңбегі сіңген, құрметтеуге және есте сақтауға лайық азаматтардың есімдерін ғана орналастырған”, – деді Вадим Курамшин.
Сонымен қатар белсенді мұндай шешімдер қоғамның келісімінсіз, біржақты қабылданбауы тиіс деп есептейді.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тұлғалары пантеонына енгізілгені туралы жазған едік.
“Салтанат ісі”
Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасына қараған түні Салтанат Нүкенова Астанадағы BAU мейрамханасында бұрынғы күйеуі, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан. Ол әйеліне бірнеше рет соққы жасап, бірнеше сағат бойы жедел жәрдем шақырмай, көмек көрсетпеген.
2024 жылдың 13 мамырында сот Қуандық Бишімбаевты азаптау және адам өлтіру баптары бойынша кінәлі деп тауып, оны 24 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл іс Қазақстан тарихындағы ең резонансты істердің бірі болды. Қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы кең талқылаулар мен наразылықтар өрбіді. Әйелдердің құқығын қорғаушылар, заңгерлер және белсенділер отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдарды күшейтуді талап етті.
2024 жылдың басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңға қол қойды. Халық арасында бұл құжат "Салтанат заңы" деп аталып кетті. Жаңа заң 2024 жылдың 16 маусымынан бастап күшіне енді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты