Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында зорланған 5 жасар қыздың анасына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Қостанай облысында сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған бүлдіршіннің анасына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Бұған дейін сотқа дейінгі деректерді жария еткені үшін жәбірленушінің анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Яғни ана күдікті балалардың атын атады дейді. 

Кейін Қостанай облысының полиция департаменті іс жүргізу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылғанын хабарлады.



Еске салайық, Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталған еді.  8, 12 және 13 жастағы жасөспірімдер жыныс мүшелерін қыздың аузына мәжбүрлі түрде салған. Кейін жасөспірімдерге қатысты істің материалдары сотқа жіберілген еді.

Кейін Қостанай облысында 8, 12 және 13 жастағы балалар зорлаған бес жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалайын деп жатқаны айтылды. 

Талқылау