Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Костанай облысында көлік ішінде вейп шекпеуді сұраған такси жүргізушісін пышақтап кетті

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының сотында такси жүргізушісін пышақтап жаралаған әйелге қатысты сот отырысы өтті. Іс "Бұзақылық ниетпен қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру" бабы бойынша қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының сотында бұзақылық себептерімен Қылмыстық кодекстің 108-1 бап 2-бөлік 5-тармағына (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) сәйкес Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінде болған Р есімді әйел Лисаков қаласына жету үшін Қостанай-Қарабұтақ тас жолында жолаушы көліктерді тоқтатады. Оған алдыңғы жолаушылар орындығында кәмелетке толмаған М отырған, жүргізуші Л тоқтап көлігіне отырғызады. 

Автокөлік салонында сотталушы электронды темекі тұтатқандықтан көлік иесі Л оның көлігінің салонында темекі шекпейтіні туралы ескерту жасайды.  Көліктің артқы орындығында отырған Р ескертуге ызаланып,  қолындағы дорбадан пышақ шығарып Л-ның мойын аймағына пышақпен ұрды. Ер адам автомобильдің күрт тежелуін басады. Артынша Р автомобиль салонының алдыңғы жағына өтіп, пышақпен қайта соққы беруге тырысты. Қылмыстық әрекеттерден кейін жәбірленушіге сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес мойынның сол жақ жартысында тесілген жара түрінде дене жарақаты келтірілген. 

Прокурор жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, соттан алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуді тағайындай отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын тағайындауды сұрады.  Сотталушы кінәні толық мойындады. Жәбірленуші жаза бойынша мемлекеттік айыптаушының ұстанымын қолдады. 

"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша оған 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (3 692 000 теңге) мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Бұдан бөлек 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтейді.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға қараған. Ол шын жүректен өкініп, мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын мойындады. Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескеркен. Сот жазаны өтеу мерзімінің салмағына пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында көз жұмған такси жүргізушісінің туыстары тергеудің әділ өтуін талап етеді. Марқұмның жақындарының айтуынша, Қайсар Керімбаевты үш жолаушы тепкінің астына алып, көлігін тартып алмақ болған. Соққыдан ауыр жарақат алған атпалдай азамат оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Алайда қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір ғана адам қамауда отыр. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 09 Желтоқсан, 2024 15:06
Талқылау