Қостанай облысында жасөспірімдер қатарласын ыстық затпен күйдірген

Фото: Ru.freepik.com
Лисаков қаласында жасөспірімдер металл қалақты отқа қыздырып, ұйықтап жатқан қыздың денесіне басқан. Оқиғаға қатысы бар жасөспірімнің бірінің анасы қызына дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лисаков қалалық соты кәмелетке толмаған баласын дұрыс тәрбиелемегені үшін жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, 2012 жылы туған қыздың анасы оның тәртібіне тиісті бақылау жасамаған.
Оқиға 2025 жылы сәуір айында болған. Кәмелетке толмаған қыздар пәтерде бірге болған қатарлас құрбысына қасақана дене жарақатын салған. Олар газ плитасына металл асүй қалақшасын қыздырып, оны ұйықтап жатқан қыздың сол бетіне, оң аяғына және сол қолына кезек-кезек басқан. Жәбірленуші ауырсынудан оянып, айқайлаған.
Сотта қыздың анасы кінәсін мойындап, болған оқиға үшін өкінетінін айтты.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 55 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"