Қостанай облысында түнгі клубтағы төбелес адам өлімімен аяқталды (видео)
Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Ер адам екіншісін жерге құлатып, соққыға жыққан. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Желіде тараған видеодан бірі екіншісін көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Ер адам оны жерге құлатып, бетінен бірнеше рет ұрған.
Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.
22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу" бойынша тергеліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Сондай-ақ Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кеткені туралы жазған едік.