Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында тасқынға қарсы су толтырылған бөгеттер орнатылып жатыр

Қостанай облысында су тасқынынан қорғану үшін су толтырылған бөгеттер орнатылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

"ҚазАвтоЖолй мәліметінше, бөгеттердің негізгі артықшылығы – олардың мобильділігі мен орнатылу жылдамдығы. Оларды тасымалдау оңай және су басу қаупі бар аумақтарға тез арада орнатуға болады дейді.

“Қостанай облыстық филиалының жолшылары "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының (211 км) және "Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Сарыкөл – Қостанай" автожолының (689–690 км) учаскелерінде су тасқынының алдын алу бойынша маңызды іс-шаралар жүргізді. Олар жолдарды су басудан қорғау мақсатында арнайы су толтырылатын бөгеттер орнатты. Су толтырылатын бөгет – бұл ұзындығы 25 метр, биіктігі 1,5 метр”, – делінген хабарламада. 



“ҚазАвтоЖол” мәліметінше, құрылым ішіндегі арнайы саңылаулар арқылы су немесе ауа толтырылғаннан кейін, ол ауыр әрі тұрақты қалыпқа келеді.

“Мұндай бөгеттер судың таралуына жол бермей, кедергі жасайды. Су тасқыны қаупі жойылғаннан кейін бөгет ішіндегі су немесе ауа шығарылып, құрылым жинақы күйде бүктеліп, келесі қолдануға дейін сақтауға қойылады”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Синоптиктер үш облыстың тұрғындарына су басу қаупі туралы ескерту жасағаны туралы жазған едік. 

Талқылау