Қалған сыныптар мен білім беру мекемелері қалыпты режимде жұмыс істейді.
“Қазгидромет” мәліметінше, сейсенбіге қараған түні Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, ал оңтүстікте көктайғақ күтілді. Солтүстік пен шығыста тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр, түнде солтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 18–23 градус аяз, солтүстікте -26 градус, оңтүстікте -13 градус аяз болады.
Еске салайық, Алматы әкімдігі қалада ауа температурасы -21 градусқа дейін төмендейтінін ескерткен еді.
