Қостанай облысында өгей қызына сексуалды қысым көрсеткен депутат өмір бойына сотталды
Фото: “Наша газета” / Абылайхан Демесинов
Қостанай облысы Лисаков қаласының депутаты және кәсіпкер Абылайхан Демисенов 14 жастағы өз өгей қызына қатысты сексуалды сипаттағы әрекеттер үшін өмір бойына сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Лисаков қаласының депутаты және кәсіпкер Абылайхан Демисенов өз қызғалысы бойынша 14 жастағы өгей қызына қатысты сексуалды сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін өмір бойына сотталды.
Сот процесі жабық режимде өткен, іс бойынша ешқандай қосымша мәлімет жарияланбаған.
Қылмыс туралы ақпарат наурыз айында белгілі болды, лисаковтықтар үшін бұл жаңалық шок ретінде қабылданды. Абылайхан Демисенов танымал кәсіпкер, алкоголь өндірісімен айналысқан кәсіпорынның бас директоры, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаты болған.
Ол спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсету, ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу сияқты бизнеспен де айналысқан.
Бұған қоса, Абылайхан Демисенов қайырымдылықпен шұғылданған, мешіт салуға қаржы аударған, аз қамтылған отбасыларға көмектескен.
Айта кетейік, ал зардап шеккен 14 жастағы қыздың анасы мен Абылайхан Демесинов екінші рет некелескен. Қызды ер адам мен әйел асырап алған.
Экс-депутат Төлеутай Рақымбековтің өгей қызы әкесі үйін тартып алғанын айтып, көмек сұрады
Қазақстандық 53 жастағы ер адам келінін зорлады деген күдікке ілінді
Еске салсақ, бұған дейін экс-депутат Төлеутай Рақымбековтың қызы әкесі бала күнінде зорлағанын айтып, әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін жаздық. Айбота Рақымбекова оны әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлағанын желіде айтып, әділдікті талап еткен еді. Айтуынша, бала күнінде әкесі оны екі рет зорлап, кейін анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Өзіне тиесілі мүлкінен айырылған ол 1,5 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығында тұрады. Кейін экс-депутат бұл мәлімдемеге жауап беріп, қызын есірткіге тәуелді, патологиялық өтірікші деген еді. Алайда Айбота мұны жала деп “жеке басын қорлау” бойынша шағым түсірген. 22 қаңтарда сот Төлеутай Рақымбековтің сөзін жалған деп танып Айботаның пайдасына шешім шығарды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік