Қарыз үшін зорлаған: Қостанай облысында блогер зорлық жасады деген күдікпен ұсталды
Қостанай облысының полиция департаменті 35 жастағы блогерді сексуалды зорлық жасады деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қостанай облыстық ПД
Полиция департаменті жәбірленушілер арасында кәмелетке толмағандар жоқ екенін хабарлады.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, кейбір құрбандар ер адамнан қарызға ақша алған және қарызын қайтара алмаған кезде күдікті жыныстық қатынасты талап еткен. Жәбірленушілер бас тартқан кезде, ол олардың еркіне қарсы олармен жыныстық қатынасқа түсті. Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін ер адам 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев