Қостанай облысында 2022 жылғы орман өртінен кейінгі ағаштар аукционға шығарылды
Фото: e-auction.e-qazyna.kz
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында үш жыл бұрын өртке оранған алқаптардағы өсіп тұрған ағаштар аукционға шығарылып, сатыла бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі” мен “Басаман орман шаруашылығы мекемесі” шаршы метріне бастапқы баға 2700 теңге деп белгіледі. Қазір аукционға жалпы құны 85 миллион теңгеден асатын 38 лот шығарылған.
Сатып алушылар дайын ағашты алып кетпейді. Олар ағаштарды кестіруді, әкетуді және өңдеуді өздері ұйымдастырады. Орман шаруашылығы ағашты сату және бөлу шарттарын айқындайды. Сондай-ақ ведомство аукционға соңғы лоттар шығарылғанын түсіндірді. Барлығы 200-ден астам лот рәсімделген.
Лоттар Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккен Кондратьев, Аманқарағай, Новонежин және Калинин орманшылықтарда орналасқан.
Еске сала кетейік, өрт 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Әулиекөл ауданының “Басаман” және “Семиозерное” орман шаруашылығы аумақтарында басталған. Өрттің жалпы аумағы 43 мың гектарды қамтыды. Тілсіз жау елді мекендердегі 91 тұрғын үйді жойып жіберіп, бүлдірді.
Кейін өрт Аманқарағай ауылына да жетті. Бірқатар ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып, өрт 10 қыркүйекте ғана толықтай сөндірілді.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
