Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды
Фото: ОКҚ / Данияр Жандаев
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаевтың қамауға алынуына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұрынғы шенеуніктің қылмыстық қудалауға ұшырағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Осы мәселеге қатысты өңір басшысы түсініктеме берді.
"Бұл істі прокуратура қарап жатыр, заң аясында баға береді. Басқа айтарым жоқ. Денсаулық сақтау жүйесі жалпы қағидаттар бойынша жұмыс істейді, мемлекеттік сатып алуды өздері реттейді. Жандаев әртүрлі себеппен жұмыстан босатылған, соның бірі сатып алудағы кемшіліктер. Осыны ойлануды ұсынамын. Әрбір медициналық мекемеде бақылау кеңестері жұмыс істеп, бәрін көріп, біліп отыруы керек. Алынатын жабдықтың шынымен қажеті бар ма, соны түсінуге тиіс. Бақылау күшейгені жөн", – деді Ақсақалов.
Мәліметтерге сенсек, сыбайлас жемқорлыққа күдікті Жандаев отбасымен бірге қоныс аударған Астанада қамауға алынған. Сондай-ақ Жандаев ісіне байланысты Қостанай облысындағы орталық аудандық ауруханалардың бірінің бас дәрігері де қамауға алынғаны туралы ақпарат бар.
Ақмола облысы көлік инспекциясында пара алу дерегі бойынша 11 адам сотталды
Шымкент әкімдігі бас сәулетшінің қамауға алынғанын растады
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында пара алды деген күдікпен кіріс департаментінің басшысы ұсталғанын жазған едік. Шендінің ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық белсенді уақыт белдеуін қайтару үшін партия құрмақ: Ол зерттеу жүргізіп, қазіргі уақыттың халыққа зиян тигізіп жатқанын анықтады
