Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады. Облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Айта кетейік, бұл туралы ақпарат БАҚ-та тараған еді. Тараған ақпаратта облыс әкімінің орынбасарының есімі бұған дейін өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қатысты резонансты қылмыстық іспен байланыстырылған. Аталмыш іс бойынша Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубев қамауға алынған еді.
"Осындай қадамға баруға тура келді": Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті
Оларға қатысты емханалар мен ауруханаларға медициналық жабдық сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ сот кабинетінде істің Қостанай қаласының тергеу сотына түскені туралы ақпарат пайда болды.
Айта кетейік, Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылдың шілдесінде тағайындалған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды