“Қостанай-Алматы” бағытындағы пойыз жолаушысы 116 млн теңгесін ұрлатып алды
“Қостанай-Алматы” бағытындағы пойыздың жолаушысынан 116 млн теңге ұрланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 31 мамырда болды. 22 жастағы қыз өзімен бірге 116 900 000 теңге алып бара жатқан. Алайда ұйықтап тұрғаннан кейін ол Жақсы станциясына жеткенде ақша салынған сөмкесін таба алмай қалған. Бойжеткен көліктегі полиция департаментіне бірден шағымданған.
8 маусымда жедел-іздестіру шараларынан кейін үш күдікті ұсталды.
“Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, оның барысында 12 620 000 теңге және 198 500 АҚШ доллары тәркіленді. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін қылмыс жасалғаннан кейін бірден екі автокөлік сатып алып, жұмсап үлгерген” – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"