Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір билет үшін 50 мың теңге: Бақыт Сыздықованың "Нұр-Сұлтан-Алматы" пойызындағы бизнес-люкстен көңілі қалды

Қоғам белсендісі, экс-депутат Бақыт Сыздықова ҚТЖ пойызындағы жағдайды жазып, наразылық білдірді. Сайттағы дұрыс емес ақпарат оны шатастырған. Бизнес-люкс санатты купеден орын алған белсенді біршама әбігерге түскен. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақыт Сыздықова Нұр-Сұлтаннан Алматыға қарай пойызға билет алған. Ауырып жүргендіктен ұшақтан осы транспорт түрі тиімді деген шешімге келген. 

"Суықтың салдары әлі де байқалатындықтан, өзім де жайлылықты жақсы көретіндіктен, бүтін бір купені сатып алуға шешім қабылдадым, өйткені ҚТЖ ережелері бойынша бір жолаушы өз атына 4 орынға дейін сатып ала алады. Мен люкс бизнес вагонын таңдадым, сайтта (ноутбуктен, қосымшада емес) суреттегі купе: 2 орын және дәретхана. Душымен гранд люкс вагоны болды, билет құнының айырмашылығы да аз, 5 мың теңге, бірақ мен оны таңдамадым, өйткені онда бір жоғарғы орын қалған. Бизнес-люкс вагон қарадым, екі купе бос болды. Түнді душсыз өткіземін, есесіне бизнес-люкс санатты купеде жалғыз боламын әрі дәретхана да бар деп ойладым.

Құны бойынша - бизнес-люкс вагонында бір орын 25 075 тұрады, мен 2 орынды сатып алдым және 50 150 теңге төледім. Айта кетейік, жақында Алматыға ұшып барып, билет үшін 47 мың теңге төлеген едім", - деп жазды белсенді.

Осыдан кейін ол вокзалға барып, сатып алған орнына жайғасқан.

"№1 вагондағы №9 және №10 орындықтарындағы заңды орныма отырып, не болып жатқанын түсінбедім. Люкстің иісі де шықпайды. Тальго пойызы өте тар, кішкентай, ыңғайсыз және тозып кеткен: орындықтардың қаптамасында дақтары бар, сол қаптаманың тесіктері бар. Тіпті, мен сияқты - кішкентай миниатюралық әйел, онда бұрыла алмайды, еркектерге қаншалықты ыңғайсыз екенін елестетемін!

Тағы тосынсый! Купеде сайтта жарияланған дәретхана жоқ, сайттағы суретте купеде дәретхана емес, раковина бар екені белгілі болды! Раковина! Ал дәретхана вагонның соңында - біреу, яғни "люкстің" барлық жолаушыларына ортақ!", - деп жазды Бақыт Сыздықова.

Ол шу көтерген. "Олар маған №3 немесе №4 вагонынан билеттер алу керек еді деп жауап берген, онда душ пен дәретхана бар гранд люкс болған", - деді белсенді.

"ҚТЖ жолдастары, мырзалар, қызметтеріне қарап осылай айтамын! Жолдастар, пойыздарда жүрмейтін адам бизнес-люкс пен гранд-люкс арасындағы айырмашылықты қайтан білсін? Клиентіңіз №1 вагоннан емес, №3 немесе №4 вагоннан билет алу керегін қалай түсінуі керек? Неліктен жолсеріктердің өздері бұл люкс емес, жартылай люкс деп айтады? Неліктен билеттерді сатып алатын ресми сайтта жолаушыларды адастырасыздар? Бұл вагонды комфорт немесе жартылай люкс деп атаңыздар, бірақ жартылай люксқа да сай келмейді. Ал, сайтта барлық нұсқаларды жазыңыз, сонда адам не сатып алатынын түсінеді! Сонымен қатар, мен ол жерде жалғыз емес едім, жақын жерде ер адам да ашуланды. Күткеніміз шындыққа сай келмеді!", - деп ашынды Бақыт Сыздықова.

Оның сөзінше, бәріне ортақ дәретхана кішкентай әрі ыңғайсыз.

"Өз азаматтары үшін мұндай вагондарды қалай сатып алуға болады? Бұл елімізге зиян! Ол қалай шайқалады десеңізші! Бұл бөлек тақырып! Вагон бір бүйірден екінші жаққа бұрылады! Неліктен? Вагон дұрыс емес пе немесе рельстер-шпалдар босап кетті ме, оларды ауыстыру керек пе? Біз қашан Еуропадағыдай жайлы пойыздармен жүретін боламыз? Енді мен жеке тәжірибемнен ҚТЖ үшін сапалы швейцарлық вагондарды сатып алу тақырыбында пікірталас пен шу көтерген блогерлер мен журналистерді түсінемін. Бұл салада бір нәрсені өзгерту керек!", - деп жазды белсенді.

Сонымен қатар, Сыздықованың айтуынша пойыздарда wi-fi жұмыс істемейді. Соның кесірінен жұмысын шегеруге тура келген.

Оның үстіне ол діттеген жеріне уақытынан бір жарым сағат кешігіп барғанын атап өтті.

Бақыт Сыздықованың шағымына "ҚТЖ" АҚ өкілдері жауап берді.

"Пойыздар кестесіндегі ақаулар жолдарды жөндеумен байланысты. Қазіргі уақытта "ҚТЖ "ҰК" АҚ желісінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты белгілі бір учаскеде пойыздардың жылдамдығы кестеде қарастырылған жылдамдыққа қатысты шектелуі мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сіздің өтінішіңіз қарауға қабылданды. ҚТЖ билеттерді сату сайтында ақпаратты ыңғайлы визуализациялау бойынша жұмыс істеуде", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі тальго пойыздары мультимедиялық порталмен жабдықталғанын, Wi-Fi қосылмағанын атап өтті.

Талқылау