Қосшы қаласының тұрғыны енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп жіберіп, полицияға үйге ұрлық түскенін хабарлаған

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының тұрғыны енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп жіберіп, қылмыстың ізін жасыру үшін полицияға үйге ұрлық түскенін хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, әйел мұндай әрекетке құрбысынан алған қарызын қайтару үшін барған.
"Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, полиция бөлімі тергеушісінің кәсібилігінің және істі егжей-тегжейлі тергеп-тексеруінің нәтижесінде оқиғаның шынайы мән-жайы анықталды. Нәтижесінде "Н" есімді азаматша қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Қадағалаушы орган өкілдері мұндай қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды