Қосылған құн салығының көтерілуі Қазақстандағы бағаға қазірдің өзінде ықпал етіп жатыр – Ұлттық банк
Фото: nationalbank.kz
2026 жылдың қаңтарынан бастап қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеру Қазақстандағы бағаға қазірдің өзінде ықпал етіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Теңге бағамына қатысты мәселелердің барлығы негізінен сыртқы факторларға байланысты. Яғни ҚҚС-тың өсуі бағаға әсер ететіні түсінікті. Егер ҚҚС туралы айтсақ, қазірдің өзінде оның ықпалы сезіледі. Яғни адамдар бағаны алдын ала көтеріп қойған. Оның үстіне сұраныс та шексіз емес, халықтың нақты табысы төмендеген жағдайда бағаны үнемі көтере беруге болмайды. Бірақ, соған қарамастан, нақты 13% орнына 16% төлеуге тура келгенде бағаның көтерілуі мүмкін екені түсінікті", – деді Сүлейменов.
Сонымен қатар ол бұл фактор валюта бағамына емес, ішкі тауарларға қатысты екенін атап өтті.
"Қосымша айтарлықтай өзгерістерді байқап отырған жоқпыз. Тиісінше, біз валюта бағамында қандай да бір күрт өзгерістерді күтпейміз", – деп түйіндеді Сүлейменов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда инфляция болжамы қайта қаралғаны хабарланды.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?