Көшті Әлімханұлы бастайды: Еліміздің үздік 10 боксшысы анықталды
Коллаж: Stan.kz
Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылар рейтингін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейтингтің бірінші сатысында Жәнібек Әлімханұлы тұр. Ол қазір орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы болып қала береді.
Дегенмен спортшыдан 15 қарашада тапсырған допинг-сынамадан мельдоний табылған еді. Егер кінәсі дәлелденсе, чемпиондық белбеулерінен айырылып, дисквалификациялануы мүмкін.
Әлем кубогында қазақстандық екі боксшы жекпе-жекке шықпай-ақ жүлдеге ілінді
2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың киімі жаппай сынның астына қалды
Сондай-ақ үздік үштікке Сұлтан Зауырбек пен Жанқош Тұраров енді.
Топ-10 тізіміндегі боксшылар:
Данияр Елеусінов
Бек Нұрмағанбет
Бекман Сойлыбаев
Батыр Жүкембаев
Руслан Мадиев
Елшат Нығметолла
Садриддин Ахмедов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық екі боксшы әлемнің үздік спортшысы атағын жеңіп алғаны туралы жазған едік.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады

