Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына пәтер сыйлады
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевпен кездесті.
Өз кезегінде Еламан Ерғалиев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Оның мақсаты – олимпиада медалін жеңіп алу.
«Боз кілемдегі белдесуде ойымда тек туған жерім мен жерлестеріме жеңіс сыйлау тұрды», – дейді Еламан Ерғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаев жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII «Қазақстан барысы» турниріне барлығы 34 спортшы қатысты. Оның ішінде Қызылорда облысынан 3 спортшы: «Алтын белбеу» аймақтық іріктеу жарысында «Сыр барысы» атанған Мақсат Исағабылов пен «Сыр арланы» Нұрым Сәлімгереев және «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев сынға түсті. Сәуір айында әскерилер арасында өткен «Әскер барысы» жарысында Еламан Ерғалиев жеңімпаз атанып, «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алған болатын.
Еламан Ерғалиев 1995 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Дзюдомен 9 жасынан бастап айналысады. ҚР Спорт шебері, дзюдо және қазақ күресі бойынша бірнеше мәрте жеңімпаз атанған, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Қытай, Хайнань қ. 2013 ж.), дзюдодан IV Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері (Әзербайжан, Баку қ. 2017 ж.).
Тағы да оқыңыз:
“Қазақстан барысы” Еламан Ерғалиев: Бейбіт Ыстыбаевтан асып түскім келеді
Павлодарда қарапайым отбасы бес ағайынды баланы асырап алды
Жезқазғанда той соңында қалыңдық пен бір топ жігіт арасында төбелес болды (видео)