"Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың": Экс-әйелін балағаттаған блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге желі қолданушылары бойкот жариялады
Фото: Фариза Алмазқының және Нұрсұлтан Жақсыгеннің желідегі парақшасынан
Әлеуметтік желіде блогер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үлкен дау туындады. Қолданушылар оның бұрынғы жары мен балаларына қатысты айтқан әдепсіз, қорлайтын сөздеріне наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына ауыр сөздер айтып, оны қорлап жазған хабарламалары жария болды. Скриншоттарда ол әйелін "көшедегі әркімнің біреуі", "есік көрген қызды ешкім бағаламайды" деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.
"Бәрібір сені ешкім жақтырмайды. Ажырасқан, көшедегі біреудің ермегісің ғой, болды. Өзіңнің өміріңді сүр, тыныш қана. Менің жағдайым шүкір, Аллаға сендерден жақсы. Жұмыс істе, тауарыңды сат. Үйіңді асыра. Менің оған не қатысым бар? Далада қаңғып жүргенің өзіңнен. Сенен алатынымды баяғыда-ақ алып қойғанмын. Зарламай, жұмысыңды істе одан да. Мен сен сияқты лағып жүрген жоқпын. Үйіңе де, өзіңе де пайдаң жоқ. Сен жай ғана көшедегі әркімнің бір тряпкасысың. Он бала тусаң да, маған қадірің жоқ, сенікі бір тиын. Кеттің бе, тыныш кет. Әркімге зарламай-ақ қой. Сенің сұлу болғаның кімге керек, ішінде былығың толып жатса? Сұлу дейтіндей де емессің ғой. Көрдің қой, сенен жақсы қыздар көп. Есік көрген қызды ешкім бағаламайды. Сол үшін осылай қаласың, әркімнің біреуі болып. Шылп өзіңе көп алма, не қылса?!. Аулақ жүріңдер, “сигандар”. Қаңғыған, көшедегі біреулер, менің тегім емес", – деп ауыр сөздер жазған.
Бұны жариялаған соң Фариза оқырмандарынан жылы тілектер естіп, қолдау тапқан.
"Бұлай шулап кетеді деп ойламадым, әсіресе, тредс шулап жатыр. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рахмет. Директе бәрін оқып жатырмын", - деп жазды Фариза.
Фото: Фариза Алмазқының желідегі парақшасынан
Желіде алғашқылардың бірі болып Ардақ Жапарова өз парақшасында бұл жағдайға пікір білдіріп, қоғамдағы ажырасқан әйелдерге деген теріс көзқарасты сынға алды.
“Біздің қоғамда ажырасқан әйелді адам емеске теңейді. Абьюзер, тиран, игроман, лудоман, тұрмыстық импотентпен ажырассаңда, тыныштық жоқ әйелге! Онымен қоймай балаң болса, екі есе соққы!!! Мынау Нұрсұлтан Жақсыгеннің өз балалары мен экс әйелі жайында өте лас, төмен әңгіме айтып отыр! Ар-намысына тиіп отыр! Ертең осының ойымен ойланатындар да табылады! Осы бір әртіссымаққа бойкот жасайық, қыздар, халқым! Әйелдің отбасылық статусы қандай болмасын, ешкім оның абыройына нұқсан келтіре алмайды”, – деп жазды Ардақ Жапарова.
Желі қолданушысы @msafia8888 болса, әйелдің қадірін білмеген еркектің намыс туралы айтуға құқы жоқ екенін айтты.
"Жалпы Нұрсұлтан мен Фариза жайлы ойым (әйелдің жүрегінен): Еркек әйелін қорласа, өз анасын қорлағанмен тең. Балаға алимент төлемей тұрып, намыс туралы айту – бос сөз. Әйелдің көз жасы – үнсіз қарғыс. Ол аспанға кетпейді, баланың несібесіне тиеді. Нұрсұлтан сияқты ерлерге бір-ақ сөз айтар едім. Әйелдің алғысын ала алмаған ер – өмірден жеңілген ер", - деді оқырман.
Ал тағы бір қолданушы @mila_kaa13 өз басынан өткен жағдайды еске алып, Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйеліне "сталкинг" жасап жүргенін мәлімдеді.
"Бір кездері маған да сталкинг жасаған еді, есіме енді түсіп отыр. Әйелдер ажырассам болды, құтыламын деп ойлаймыз. Бірақ өкінішке қарай, (әйелі болғанда жарытпаған) кейбір жарым еркектер бөлек кеткеннен кейін де әйелге тыныштық бермейді. Бір қалада тұрса жүрген жерін, үйін аңдып жүреді. Балалары үшін тез аяқтануды ойлап жұмысқа шықса, жұмысы мен үйінің арасында аңдумен болады. Әйелмен ажырассам да, балаларыма көмектесейін деп жұмыс жасаудың орнына күні түні әйелдің артын аңдумен жүреді", – деп жазды ол.
Қазіргі таңда желіде Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты бойкот жариялау туралы үндеулер көбейіп жатыр. Қолданушылар оны бұрынғы әйеліне психологиялық қысым көрсетіп, сталкинг жасау арқылы заңды бұзды деп айыптап жатыр.
"Түрің малға ұқсайды": Актер Нұрсұлтан Жақсыген оқырманына тіл тигізді
"Бұрынғы әйелін тез ұмытты": Актер Нұрсұлтан Жақсыген сүйіктісін көрсетті
Еске салайық, актердің бұрынғы әйелі актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады.
“Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазған актер.
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады