Көшеде сиқыр жасайтын йога шеберлерінің құпиясы (фото)
Әдетте Европа елдеріне барғандар міндетті түрде көше бойында йогамен айналысқан болып, түрлі сиқыр көрсететін адамдарды жиі кездестіруге болады. Ал шын мәнінде көп адам олардың сол сиқырды қалай жүзеге асырып отырғанын біле бермейді.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Олар бір командада екі адамнан жұмыс істейді, себебі бір адамға ыңғайсыз күйде ұзақ уақыт отыру оңайға түспейді. Сәйкесінше, қорғауда керек, тіпті біреу келіп соғып құлатып кетуі де мүмкін.
Көрген адамдардың көбі олардың нағыз талантына куә болып, бұл ерліктеріне тәнті болып жатады. Бірақ, бұлардың әрекеті ешқандайда магия емес.
Суретте барлық команда: бірінші йог, ол жаңа ғана серіктесін алмастырған, қорғаушы күзетші және екінші йогтың аяқ киімі.
Олардың сиқыр құдіретін ешкім байқап қоймас үшін, серіктесін алмастыру осылайша құпия жүреді. Ол шамамен 10-15 минутқа созылады. Осы уақыттың ішінде екінші адам конструкцияға сай отырып алады.
Ал адамдар олар сол таяқтың үстінде, ғажайыптың күшімен отыр екен деп ойлайды.
Мұның құпиясы сондай күрделі емес. Тірек алаңында кілем астында адамды демеп тұратын фейк-йог отырады. Сол арқылы жоғарыға таяқшасы шығып, үстіндегі йог соны ұстап отырғандай болады. Кең киім барлық құпияны жасырып тұрады.