Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көше тағамын сатушы әлемдік деңгейдегі Мишлен жұлдызымен марапатталды (фото)

Танымал әрі беделді «Мишлен Қызыл гид» мейрамханалар рейтингіне ену әркімнің бағына бұйыра бермейді. Hong Kong Soya Sauce Chicken Rice and Noodle көше тағамын даярлайтын сингапурлық мекеме иесі Чан Хон Менгтің оның асханасы Мишлен жұлдызымен марапатталған сәтте қандай сезімде болғанын елестете аласыз ба?

Chan-Hon-Meng

Фото: mirror.co.uk

Ол кеспе мен күрішке тауық етін қосып сатады. 35 жылдан бері аспаздық индустрияда жұмыс істеп келе жатқан 51-жастағы малайзиялық Чан мейрамхана шолушылары оны марапаттау рәсіміне шақырған сәтте қатты абдырап қалғандығын айтты. «Шақыруды көргенімде, сенер-сенбесімді білмедім», – дейді Чан Хон Менг.

12762215-EN_01220313_0169-1470314444-650-11bd7b1d1e-1470318380
«Мен олардан: «Қалжыңдап тұрған боларсыздар?» – деп сұрадым. «Мишлен шолушылары менің асханама қайдан келсін?» деп ойладым. Шынымды айтсам, көше тағамдарын сатушы осындай абыройлы марапатқа ие болды дегенді бұған дейін естіген емеспін. Бірақ олар қызмет көрсету орнын емес, тағамның сапасын бағалайды екен. Көше тағамдарын сатушы әлемдік деңгейге шыға алады деп ешқашан ойламаппын», — деді ол Reuters-ке берген сұхбатында.

12762315-EN_01220313_0170-1470314476-650-e29e211988-1470318380
Чан бір күнде шамамен екі жүзге жуық адамға қызмет көрсетеді. Күн сайын оның асханасы кезекте тұрған адамнан толастамайды. Оның фирмалық тағамы – кеспе немесе күрішпен қоса берілетін соя тұздығы қосылған тауық еті.

Бір кісілік мөлшері небәрі 100 рубльді құрайтын аталмыш тағам – Мишлен жұлдызы табысталған әлемдегі ең арзан ас болып отыр.

singapore-900-head_1

Талқылау