Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көше хоккейі Астанаға қайта оралады: Red Bull Open Ice — ашық мұздағы қақпашысыз 4×4 жылдам формат

Көше хоккейі Астанаға қайта оралады

2026 жыл 17 қаңтарда Астанада, Орталық жағалауда, «Атырау» көпірінің маңында Қазақстанда алғаш рет Red Bull Open Ice өтеді — ашық мұздағы қақпашысыз 4×4 әуесқой хоккей турнирі. Бұл — “бұрынғыдай” хоккей: үзіліс аз, ауысымдар қысқа, жылдамдық барынша жоғары. Аулалық мұз айдынының атмосферасы, бірақ үлкен қалалық оқиға масштабы.

Red Bull Open Ice ойынды өз бастауларына қайтарады: классикалық 5×5 орнына қызықты әрі жылдам 4×4, мини-қақпа және үздіксіз қарқын. Мұнда шешуші рөлді реакция, командалық “химия” және мінез көрсетеді. Турнир әуесқой хоккейдің өсіп келе жатқан қауымдастығын және нағыз көше драйвын сағынғандардың бәрін біріктіреді.

“Маған Red Bull Open Ice ұнайды, өйткені ол хоккейді баяғыдай бастапқы қалпына қайтарады, ашық мұзда ойнайсың, ең бастысы ереже мен ресмилік емес, атмосфера мен ойнағаннан алатын рахат. Көп адам бұрын аулада немесе өзен үстінде қалай ойнағанын ұмытып та кетті, ал бұл турнир сол нағыз көше хоккейінің көңіл күйін қайта сезінуге мүмкіндік береді. Мен үшін бұл –  әрі жеке сын, әрі қала үшін жасағымыз келетін қысқы классика”, –  Виталий Сахнов, Астаналық Әуесқой Хоккей Лигасының (АЛХЛ) директоры

Швейцарияда Red Bull Open Ice өзін қыстың жарқын турнирі ретінде әлдеқашан дәлелдеді: командалар ашық мұзда ойынның барынша “адал” нұсқасында кездеседі. Шарттар минимум, спорттық рух максимум. Енді “back to the roots” энергиясы Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

“Қақпашысыз 4×4 форматы көңіл күйі жағынан нағыз аула хоккейі сияқты. Дәл өзен үстінде, аулада немесе кез келген мұз қатқан жерде ойнайтын хоккейдің өзі. Көше хоккейінің ең кереметі оның қарапайымдылығында. Таза ауа, нағыз мұз және достардың ортасы. Бұл біз біртіндеп ұмыта бастаған классика”, –  Александр Олейник, ҚХЛ хоккей комментаторы.

Ашық мұздың қатал әрі құбылмалы мінезіне қарамастан, негізгі қорғаныс жабдығы міндетті: қатысушылар мұзға шлеммен, шынтаққаппен, қолғаппен, тізеқаппен және конькимен шығады. Ал ойын жейдесін (джерси) әр ойыншы ұйымдастырушылардан сыйлыққа алады –  оларды старт алдында сол жерде таратады.

Командаңды жина да мұзға шық: Red Bull Open Ice турниріне тіркелу ашық. Қатысушыларға қолдау көрсетуге кел –  көрермендерге кіру тегін.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 10:54