Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қош келдіңіз": Токио губернаторы Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

токио губернаторы және тоқаевФото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Токиода губернатор қазақ тілінде "Қош келдіңіз!" деп қарсы алып, Smart city пен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты "Қош келдіңіз!" деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды", – делінген Ақорданың мәлімдемесінде.

Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.


"Алғашқы президенттік сапарым": Тоқаев Жапония премьер-министрімен келіссөз жүргізді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы сапарында атақты сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті


Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барып, Токио әуежайында Жапонияның сыртқы істер министрі қарсы алғанын жазған едік. Сапар барысында мемлекет басшысы император Нарухито мен премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесіп, "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатыспақ.

Айым Атамбаева
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 10:35