Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қош келдің шөжетайым": Актер Нышанбек Жұбанаев сүйінші жаңалығын бөлісті

Нышанбек Жұбанаев әке болдыФото: https://www.instagram.com/nyshanbek_zhubanaev

Қазақстандық актер Нышанбек Жұбанаев төртінші рет балалы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты өнер иесі желідегі парақшасында бөлісті. Жарияланған бейнежазбада актер Қырғызстаннан Алматыға жолда екенін айтады, кадрлардан оның эмоциясын жасыра алмай тұрғанын байқауға болады.

“Төрт жүрегім, төрт қызғалдағым, қош келдің мына өмірге шөжетайым…. Дәл қазір жүрегім дүкілдеп тұр…
Аллаға сансыз шүкірлер болсын!!!
Басқа не айтарымды білмей тұрмын шынымды айтсам…” – деп жазған ол.

Өнер иесін достары, әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жылы пікірлер қалдырып жатыр.

Айта кетейік, Нышанбек Жұбанаев Munai, “1286” және Sheker сияқты қазақстандық сериалдардағы рөлдерімен танымал.

Еске салайық, бұған дейін жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үшінші рет ата-ана болғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 23:31