Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жылады

Өз жұрты мен қайын жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жүргенін айтып жылады.

18443242_1535557073152024_8359640580187226112_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Жасым отыз бесте. Қазір екі баланың анасымын. 2007 жылы жолдасым екеуіміз ажырасып кеттік. Бұл оның тарапынан жасалған ұсыныс болды. Екі жарым жыл отасқан болатынбыз. Күйеуім кезінде мені алып қашып кеткен еді. Ал менімен отбасымда ешкім санаспады. Ешкімді кінәламаймын. Тағдырыма жазылған дүние болар. Ол кезде 24 жаста едім. Жолдасым мені не себепті қуғанын түсіндірмеді. Менен не себепті бас тартқаны жұмбақ болып қалды. Қайын жұртым мені қайтарып алуға да тырыспады. Ажырасып кеткен соң, әкеме жағдайдың барлығын түсіндірдім.

Әкем отбасының шайқалмауына өте қатты мән береді. «Қандай жағдай болса да, отбасын сақтап қалу керек» деген ұстанымы бар. Сол себепті, әкем менің сөздеріме сенбеді. Шындықты жасырып, мені кінәлай бастады. Осылайша әкем мені түсінбеді. Керісінше Ер азаматтың көңілін қылықпен, сөзбен табуға болатынын айта берді. Қазақта «Құдай қосқан қосағыңмен» деген мақал бар ғой. Мен сол кісінің тілі мен жүрегіне жол табуға қолымнан келгенше әрекет жасадым. Қарсы келмей, жай сөйлеп те көрдім.

Анам болғанда шындыққа көз жүгіртіп, ақ пен қараны ажырататын еді. Ол кісі бұлай шырылдатып қоймас еді, мұндай қиындықтан өтпес едім деп ойлаймын. Ана қандай жағдай болса да, баласын қорғап өтеді. Мен анамнан 18 жасымда айырылдым. Қан қысымы көтеріліп қайтыс болған-ды. Інім уақыт өте келе анамды қатты сағынды. «Сен кетпеші» деп мені құшақтап тұрып жылайтын. Ананың мейірімін әпкесі бере алмайды», – дейді Сәуле ханым.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы да Сәуле ханымның сөздерін қоштады. Ананың махаббатын ешнәрсе алмастыра алмайтынын айтты.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Жыныстық жолмен індет жұқтырған жігіт мүшеқапқа сенбеуге шақырды

Талқылау