Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асановтың іздеуде жүрген кеңесшісі Ресей азаматы болып шықты

qamqor.kz Қарлығаш ТәткееваФото: qamqor.kz

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асановтың азаматтық істер жөніндегі бұрынғы кеңесшісі әрі экс-судья Қарлығаш Тәткеева ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша антикордың іздеуіне іліккен еді. Ол Ресейдің азаматы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы құжаттардағы деректерді зерттеген Rupep жобасы хабарлады. Жарияланған мәліметке сәйкес базада Тәткееваның Ресей төлқұжатына тән белгілері бар суреті кездескен. Конституциясы азаматтарға қос азаматтық алуға тыйым салады. Егер ондай жағдай анықталса, қазақстандық төлқұжат автоматты түрде күшін жояды. Өткен жылы ғана құқық қорғау органдары осындай 1190 деректі әшкерелеген.

Айтылғандай, Тәткеева ресейлік төлқұжаты барын ашық көрсетпеген, соның арқасында қылмыстық іс қозғалған соң Қазақстаннан шығып үлгерген.

Қарлығаш Тәткеева Жамбыл облысында туған. Ол еңбек жолын прокуратурада бастап, кейін Қарағандыдағы сот жүйесінде қызмет атқарған. Мансабының ең биік кезеңі Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың кеңесшісі болған шағы. Қазір Асанов Сенат төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Егер Тәткееваның Ресей азаматтығы ресми түрде расталса, ол экстрадициядан құтылуы мүмкін. Дегенмен Ресейде ресми рәсімдердегі олқылықтарға байланысты берілген төлқұжаттарды кері қайтару жағдайлары кездесіп тұрады. Сондықтан бұл оған толық кепілдік бере алмайды.


Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды


Қазақ қыздары туралы даулы мәлімдемелерімен танылған ресейлік блогер Алекс Леслиге іздеу жарияланды


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке Қырғызстанда іздеу жарияланғанын жазған. Ол қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, Жұмабеков қылмыс әлемінің жетекшісі Камчы Асанбекпен достық қарым-қатынаста болып, Ыстықкөлдегі "Барс" демалыс орнында бірнеше рет кездескен. Сондай-ақ ол Асанбектің туыстарына Алматыға келген сапарларында қаржылай қолдау көрсеткені айтылады. Бішкек қаласы Октябрь аудандық соты кәсіпкерді сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 13:23
Талқылау