AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрші кабинетте отырғандарды атып тастады": Қазанда терактіге ұшыраған мектептің оқушылары оқиға жайлы айтып берді

Қазан қаласындағы террористтің шабуылына ұшыраған мектеп оқушылары оқиға жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

мектеп

Мектеп оқушысының сөзінше, даладан жарылыстың дауысы естіліп, түтіннің иісі сезіліпті. 

"15 минуттан кейін біреу біз отырған кабинеттің есігін қатты тарсылдатып, артынша кетіп қалды. Үшінші қабаттан атыстың дауыстары естілді. 20 минуттан соң арнайы жасақ жауыгерлері кіріп, бізге астына қашу керек деп айтты. Біз жақындағы балабақшаға қарай жүгіре жөнелдік", - дейді оқиға куәгері.  

Тағы бір оқушының айтуынша, олар мектепте 30 минут бойы қамалып отырған. 

"Радио арқылы "Есіктің барлығын кілттеп, жауып алыңдар" деген дауысты естідік. Не болғанын түсінбедік. Кейіннен террорист көрші кабинетті қатты ұрғылай бастады. Бізді мектептен шығарған кезде есіктің түгі қалмағанын көрдім", - дейді ол. 

Тоғызыншы сынып оқушысы жарылысты естіген соң балалар сыртқа жүгіре жөнелгенін айтады. 

"Бізге кабинеттен шықпасын деген, бірақ біз қатты дауысты естіп, далаға қаша жөнелдік. Бір кезде есімді жиған соң, сыныптастарымды қайтып ішке кіруге шақыра бастадым. Сол уақытта мұғалімдердің бірі бізді кабинетке кіргізіп алды", - дейді оқушы қыз. 

Айтуынша, қаскөй көрші кабинетке кіріп, бірнеше адамды атып тастаған. 

Тағы бір оқушы дәлізде автоматы бар адамды көргенін жеткізді. Сөзінше, бірінші қабатта болған олар терезе арқылы қашуға тырысқан. 


"Құдай екенімді түсіндім": Қазандағы мектепке шабуыл жасаған адамның жауап алу кезіндегі алғашқы сөздері жарияланды


Айта кетейік, бүгін 19 жастағы студент мектепке басып кіріп, атыс шығарған. Салдарынан жеті оқушы мен екі ересек көз жұмған, тағы 21 жарақат алған. Қазіргі таңда қылмыскер тұтқындаулы, тергеу амалдары жүргізілуде. 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр