Корпоративтік клиенттер Bank RBK-де депозиттерін белсенді орналастырып келеді

Қазақстандық банктердегі заңды тұлғалардың салымдары 19,2 триллион теңгеге жетті. Осылайша салым үлесі 3,3%, ал жылдық көрсеткіште 17,9% өскен. Бұл туралы Ranking.kz Ұлттық Банктің деректеріне сілтеме жасап хабарлады. Бизнес депозиттерінің 87%-дан астамы алғашқы ондыққа енген банктерге тиесілі. Заңды тұлғалардың депозиттері қазақстандық банктердегі жалпы салымдардың 42,1% тең. Бұл көрсеткіш кейінгі үш жылдан бері (41-43%) төмендемеген.
Қазақстандағы ірі банктердің арасында айлық өсім бойынша Bank RBK көшбасшы атанды: өсім 12,5%, депозиттер көлемі 956,2 миллиард теңгеге дейін жетті. Салыстырмалы түрде алғанда, үздік он банктің орташа айлық өсімі небәрі 2,9% болды.
Айта кетейік, жылдық көрсеткіш бойынша да бизнес депозиттерінің өсімі бойынша Bank RBK алда тұр (+41,7%, ал үздік он банктің жалпы өсімі 16,1% деңгейінде).
Осылайша кәсіпкерлердің аталған банкке сенімін көрсететін бұл оң көрсеткіштер тұрақты үрдіске айналып отыр.
Анықтама: Bank RBK-дегі жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бір жыл ішінде 12,4%-ға өсіп, 608 млрд теңгеге жетті. Ал бөлшек және корпоративтік секторлардағы жалпы депозит көлемі 28,7%-ға артып (сала бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі), 1,6 триллион теңге болды.

Жалпы алғанда, үздік ондықтағы банктердің ішінде тек жеті банк табысқа кенелген. Толық мәлімет кестеде берілген.

Қазақстандық банктердегі бизнес депозиттеріне ағымдағы шоттар, мерзімді және жинақ салымдар, сондай-ақ заңмен көзделген шартты депозиттер (мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы депозиттері және т.б.) жатады. Бұл депозиттердің барлығы Қазақстанның жетекші банктерінің өнімдік желілерінде ұсынылған.
Кейбір қаржы институттары ерекше әрі тартымды өнімдерді де ұсынады. Соның бірі – қысқа мерзімді депозит, яғни овернайт. Ол кәсіпкерлерге қаражатты банкке небәрі бір тәулікке орналастырып, пайда табуға мүмкіндік береді. Мұндай депозитті салым өсімі бойынша сектор көшбасшысы Bank RBK да ұсынады.
ҚНРДА берген 05.04.2021 ж № 1.2.100/245/41 лицензия
Қазақстанға ЛГБТ насихатына тыйым қажет пе? Депутаттар мен белсенділердің пікірін тыңдадық