Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Корпоративтік кеште опасыздық жасаған": Әйелімен ұрсып қалған ер адам балаларын, кейін өзін өлтірген

Әкесі әйелімен жанжалдан кейін екі баласын өлтіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Қайғылы оқиға бүгін Башқұртстанда болды. Ер адам алты жасар ұлы мен бір жасар қызын Уфадағы үйінен көлікпен облысқа алып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін тергеушілер олардың денелерін тапты, - деп хабарлайды Комсомольская правдаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

37 жастағы Уфа тұрғыны әйелімен жанжалдасып, алты жасар ұлы мен бір жасар қызын белгісіз бағытта көлігіне салып алып кеткен. Кәмелетке толмағандардың жоғалып кету фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің "Екі кәмелетке толмаған адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Тергеушілер, сот тергеушілері және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері отбасы үйін қарап, тінту ұйымдастырды.

"Бірнеше сағаттан кейін олардың денелерінде улы газдан улану белгілері бар болып шықты. Давлеканов ауданындағы автокөліктен табылды", - делінген хабарламада.

Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, әкесі балаларын өлтіріп, кейін суицид жасаған.

Қазір осыған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Кейбір БАҚ ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қызғаныштан туындаған деп жазады. Корпоративтік кештен келген әйел күйеуіне опасыздық жасағанын мойындаған.

Талқылау