Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың күтпеген жерден жағымды ықпалы анықталды

Ұлыбританияның Орталық Ланкашир университетінің ғалымдары коронавирусқа байланысты тұрғындардың сақтық шарасы тұмау эпидемиясының алдын алатынын айтып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қол жуу

Бұл туралы The Conversation басылымында жазылған. 

Тұмаудың таралмауына бірқатар жағдайлар әсер етуі мүмкін. Соның бірі - адамдардың қолдарын үнемі жуып тұруы. Коронавирус пандемиясына дейін ерлердің тек 32%-ы, әйелдердің 64%-ы ғана қолдарын жылы сумен сабындап жуатыны анықталыпты. 2020 жылы наурызда жасалған сауалнама нәтижесі тұрғындардың 83%-ы қолдарын үнемі жуып жүретін көрсеткен. Алайда тұмаудың алдын алу үшін кем дегенде гигиена шарасына 20 секунд уақыт бөлу керек екен. 

Бұған қоса тұмау мен ЖРВИ-ге көбіне оқушылар шалдығатындықтан мектептер мен басқа да оқу орындарының карантинге жабылуы тұмау эпидемиясының жаппай таралмауына әсер етеді. Қоғамдық орындарда арақашықтық сақтау, жаппай адам жиналатын іс-шараларға тыйым салу да тұмау эпидемиясын болдырмайды екен. 

Десек те қазір тұмау ауруының көрсеткіші қаншалықты төмендейтіні беймәлім. Себебі сырқаттанған науқастарды санау қиынға соғады екен. Дәрігер тұмаумен ауыратындар көбіне өз бетімен емделетінін алға тартып, ауруханаға тек саусақпен санарлық адамдар келетінін жеткізді. 


Талқылау