Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан жазылған ер адам қайтадан ауруды жұқтырып алды

Жапония тұрғыны инфекциядан жазылғаннан соң екі аптадан кейін екінші рет коронавирусты жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

70 жастағы ер адам бастапқыда ақпан айында коронавирусқа байланысты жабылған Diamond Princess круиздік кемесінің бортында болған кезде ауырып қалды. Оны Токио ауруханасында емдеді.

Коронавирусқа жасалған сынақтар теріс нәтиже көрсеткенде, ол Мие префектурасындағы үйіне оралды. Бірақ емнен кейін көп ұзамай ол тағы ауырды, оның температурасы 39 градусқа көтерілді. 14 наурыз күні коронавирус диагнозы қойылды.

Бұған дейін Иранның 103 жастағы тұрғыны коронавирусты жеңіп шыққаны туралы жазылды.


 

Талқылау