Коронавирусқа байланысты қажылыққа баратындарға Мекке жабылды
Сауд Арабиясының үкіметі уақытша Медина мен Меккеге әлемнің түкпір-түкпірінен келетін мұсылмандарды елге кіргізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қажылыққа бару үшін Меккеге және Пайғамбар мешітіне келушілерге уақытша шекара жабылды. Бұл коронавирусқа қарсы шара болып табылады", - делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса арабиялық СІМ өкілдерінің мәлімдеуінше, елге ауру табылған аймақтардан келген туристтерге де шекара уақытша жабық екен. Ал шетелден келген тұрғындар мұқият тексерістен өтеді екен.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"