Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолыңды сындырамын": Алматыда автобус жолаушысы жүргізушіні балағаттап, терезесін сындырды (видео)

Келеңсіз оқиғаның куәгері жолаушының орынсыз автобус жүргізушісін қалай қорқытқанын видеоға түсіріп алған. Алматылық жолаушы бұдан кейін көліктің терезесін сындырып, агрессивті әрекет жасай бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Telegram арналардың бірінде жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы жанжал түсірілген видео жарияланды.

Видеокадрдан тәртіпсіз жолаушы автобус жүргізушісін қорқытқанын байқауға болады. Ер адам бейәдеп сөздер айтып, содан кейін агрессивті әрекеттер жасаған. Ақыр соңында қоғамдық көліктің терезесін сындырған.

“Ертең жұмысқа шыға алмайтындай етіп аяқ-қолыңды сындырамын”, – деген сөздер айтқанын естуге болады. 

Ақыр соңында қоғамдық көліктің терезесін сындырған.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің дерегіне сенсек, бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", – делінген хабарламада.



Еске салайық, Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқан еді. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған. Кейін жүргізушіні соққыға жыққан сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау