AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорқытамын деп емес, өлтіремін деп барған: Қазандық студент 20 оқушыны өлтірмек болған

Бастапқыда 19 жастағы қазандық студент Ильназ Галяев жиырмадан астам адамды өлтірмек болған. Алайда ол бұл шешімін өзгертіп, басқаша әрекет етемін деп шешіпті. Бұл туралы ол жауап алу кезінде мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life басылымына сілтеме жасап.

Жігіттің айтуынша, оның басты мақсаты адамдарды өлтіру болған. Жарақаттаймын немесе айналамдағыларды қорқытамын деп жоспарламаған көрінеді. Бірден өлтірмек болған. Галявиев полицияға құрбандарын миынан атып түсірмек болғанын айтты. Алайда оның көзі дұрыс көрмегендіктен, оқ діттеген жеріне тимепті.

Галиев өз қылмысын жүзеге асыру үшін үйінің жанындағы 175-гимназияны таңдапты. Ол ұзақ мерзімді демалыстан кейін, мектепке барлық оқушы түгел келетінін біліп, арнайы осы уақытты таңдаған. Оның мектепке де, мұғалімдерге де ешқандай қатысы болмаған. 

Сонымен қатар, жауап алу кезінде Галявиев жалғыз өзі әрекет еткенін мойындады, дегенмен сыбайластармен бірге жасалған жоспар әлі талқыланып жатыр. Нәтижесінде студент не істегенін мойындады. Ол бұл істі жасағанына мүлдем өкінбейтінін айтты.

Айта кетейік, 11 мамыр күні таңертең қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияда болды. Екі жас жігіт мектепке шабуыл жасады: олар оқу орнына қарумен кіріп, атыс бастаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс кезінде мектепте жеті бала мен мұғалім қаза тауып, 20 адам жарақат алған.

12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Ресей президенті Владимир Путин қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы төтенше жағдайдан кейін де бірқатар тапсырма берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр