Көріпкелдер 2026 жылы Трамп ауыр дертке шалдығып, Украинадағы соғыс аяқталады деп болжады

Фото: АFP
Перу шамандары жыл сайын өтетін жаңа жылдық рәсімге жиналып, алдағы жылға қатысты болжамдарын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың ауыр дертке шалдығады және Венесуэла президенті Николас Мадуро елден қашады деп болжаған.
“АҚШ дайын болуы керек, өйткені Дональд Трамп ауыр науқасқа шалдығады”, – деді Хуан де Диос Гарсия.
Шамандар әлемдік көшбасшылардың бейнелері салынған үлкен плакаттарды көтеріп, олардың үстінен қылыштарын айқастырып, хош иісті түтіндеткіштер жақты, ал кейбір плакаттарды аяқтарымен таптады.
Трамп пен Мадуродан бөлек, шамандар Ресей президенті Владимир Путиннің, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің және Украина президенті Владимир Зеленскийдің бейнелері бар плакаттарды да сермеді.
“Біз Николас Мадуроны жеңілген күйде көріп тұрмыз. Николас Мадуро Венесуэладан кетеді. Оны ұстай алмайды”, – деді Гарсия.
Ел ішіндегі оқиғаларға тоқталған Гарсия бұрынғы президент Альберто Фухиморидің қызы Кейко Фухимори үш рет сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Перудағы президент сайлауында жеңіске жетеді деп болжады.
Сондай-ақ шамандар Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталатынын айтты.
“Мен қақтығыстың аяқталып, бейбітшілік туы көтерілетінін көріп тұрмын”, — деді Гарсия.
Айта кетейік, бұл рәсім жыл сайын желтоқсан айының соңында өткізіледі. Бұған дейін де шамандар Украинадағы соғыстың аяқталатынын болжаған болатын.
Еске салсақ, осыған дейін Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары туралы жазғанбыз.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған