Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаушысы: БЖЗҚ экс-басшысы Ерденаев кінәсін мойындады

Бүгін БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа қатысты сот отырысы басталды.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Алматы қалалық аудан аралық сотында БЖЗҚ қорындағы ұрлыққа қатысты алдын ала тыңдалым өтті. Тыңдалым барысында аталған қордың бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевтың қорғаушысы Александр Блок айыпталушының толықтай өзінің кінәсін мойындағанын мәлімдеді.

“2016 жылдың 28 желтоқсанында Ерденаев темір торға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде Ерденаев тергеушілермен бірге жұмыс істеуді сұраған-ды. Ол өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап отыр”, – дейді Александр Блок.

Руслан Ерденаев бұрын-соңды сотталған емес. Осыны ескеріп, Александр Блок айыпталушының жазасын үй қамағына ауыстыруды өтінген болатын. Мұнымен қатар, қорғаушы сот процессіне БАҚ-тың қатыспауын сұраған екен. Алайда сот орынбасары Мартпек Кәкімжанов журналистерге аудио және видео жазба жасауға рұқсат берді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа қатысты сот отырысы басталды. Ерденаевпен қатар алты мемлекеттік қызметкер сотталып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Иордания королі Назарбаевты ағам деп ағынан жарылды

Ғабидолла Әбдірахымов “Нұр Отан” партиясының хатшысы болып тағайындалды

Ұлттық банк: қазанда инфляция өсімі болуы мүмкін

Сарапшылар базардағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді

Талқылау